Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия канцлері Олаф Шольц елімізге ресми сапармен келеді. Ақорда баспасөзінің хабарлауынша, 16-17 қыркүйек күндері Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия + Германия» форматындағы кездесу өтеді.