Жаркентте 12 мыңнан астам көшет отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаркентте 12 мыңнан астам көшет отырғызылды

06.09.2024

Жетісу облысы Панфилов ауданының халқы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуда. Жаркент өңірінен тұрақты түрде 10 мыңдай тұрғын жиналып, ай сайын 3-4 мың текше метр қоқыс шығарады. Шараға жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда. Олар тек өз аулаларын тазартып қана қоймай, тұтас көшені абаттандыруға қатысып келеді. Аудан қариялары, «Аманат» партиясының мүшелері жастармен бірігіп акция аясында арнайы қаулы да қабылдады. 12 мыңнан астам көшет отырғызылып, саябақтар гүлмен көмкерілді.

Тоқтарбай Керімқұлов, Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Етек-жеңімізді жинайтын бір сәт туды. Ешқандай кедергісіз, ешкім тоқтау сала алмайтын, кез келген елім, жерім деген азаматтар, азаматшалар осыған қолғабысын тигізіп, қолұшын беретін мүмкіндік бар.


Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу