Елімізде рубльге деген сұраныс 9 есе азайған. Валюта айырбастау орындарында сатып алынған Ресей ақшасының көлемі, қатарынан 5 ай бойы азайып келеді. Мәселен, шілдеде сатылған рубль теңгеге шаққанда 9 миллиард 500 миллион теңгеге кеміген. Ал қаңтар-шілде аралығында, 23 миллиард 600 миллион теңгеге төмендеп отыр. Былтыр осы кездегі көрсеткіш 2 миллиард 600 миллион теңге еді. Яғни бір жылда рубльге сұраныс 9 есе азайған. Айта кетейік, қазір Ресей валютасы 5 теңге 30 тиынға тең.
Досжан Маратұлы