Паралимпиада ойындары: Балуандарымыз ел қоржынына 2 медаль салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада ойындары: Балуандарымыз ел қоржынына 2 медаль салды

06.09.2024

Бүгін татамидегі тарландарымыз тағы да толағай табысқа қол жеткізді. Ел қоржынына Ерғали Шамей күміс медаль салды. Ол румыниялық балуаннан есе жіберіп алды. Ал, Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Париж Паралимпиадасының дзюдо жарысы нағыз бағымыз жанған бәсеке деп сеніммен айта аламыз. Бүгін үш отандасымыз татамиге шығып үшеуі де финалдық кезеңге жолдама алды. Бірінші болып қола жүлдеге таласқан Даяна Федосова J2 санатаның 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде түркиялық қарсыласын иппонмен жеңіп Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал, финалға дейін қарсылас шыдатпаған Ерғали Шамей алғашқы айналымда татами иесін, артынша неміс спортшысынан басым түсті. Алтын жүлденің иесі анықталған сында J1 классында 73 келіге дейінгі санаттың өкілі бітіспес қарсыласымен тағы да жолы түйісті. Теңдей өткен белдесуде өкінішке қарай жерлесіміз қарсыласына есе жіберіп жазғы ойындардың күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, бүгін пара жүзуде тағы екі отандасымыз финалдық сынға жолдама алды. Ендеше жерлестерімізден тағы да жеңіс күтеміз.


Азат Қадырбек


Хабарламаларға жазылу