Павлодар облысы, Железинка ауданы, Веселая роща ауылының мәдениет үйін сол жердегі қызметкерлер тойханаға айналдырған.
Бұл көріністерді ауылдың белсенді азаматтары және ауылдық округ әкімі түсірген. Арақ-шараптан бөлек мәдениет ошағының жеке бөлмелерінен интимдік заттар салынған қорапшалар табылған. Видеода мәдениет үйінің қызметкерлері мереке сайын дастархан жайылып көңіл көтеру отырыстары өтетінін жасырмайды.
Медет Тауасқан, Павлодар облыстық мәдениет басқармасының басшысы:
Бүгін таңертең аудандық мәдениет бөлімі, әкімдік, «Аманат» партиясы жиналып, комиссия толығымен «Веселая роща» ауылына кетті. Қазіргі таңда жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Бұйыртса 1-2 күнде кінәлі азаматтар болса міндетті түрде шара қолданылады.
Болат Аманбаев