ЕуроОдақ елдері келесі жылы туристерді жаңа ережемен қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕуроОдақ елдері келесі жылы туристерді жаңа ережемен қабылдайды

06.09.2024

Еуропа Одағы 2025 жылдан бастап туристер үшін жаңа ереже енгізбек. Оған сәйкес саяхатшылар Еуропаның ақпараттық және туристерді авторизациялау жүйесінің жаңа талаптарын орындауға міндеттті. Дәлірек айтсақ, одақ аумағына кірерде шетелдіктер онлайн-өтініш жазып, өзі туралы мәлімет ұсынып, қауіпсіздік туралы сұрақтарға жауап беріп, 7 еуро алым төлеуі керек.

Ал содан кейін берілген рұқсат қағаз паспортқа тіркеліп, үш жыл бойы өз күшін жоймақ емес. Ал18 жасқа дейінгі балалар мен 70-тен асқан туристер бұл құжат үшін ақы төлемейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу