Елімізде су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамту жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінге дейін 7393 отбасыға бүлінген үйінің орнына жаңа баспана берілді. Оның 5313-і пәтер, 2080-і жер үй.
Ал 9 мың 147 адамға тұрғын үйін жөндеп, қалпына келтіруге 53 миллиард теңгеден астам өтемақы берілді. Сондай-ақ 34 мыңнан астам адамға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы көмек көрсетілді.
Досжан Маратұлы