Бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын АҚШ құрамасының спортшылары Астанаға келді. Делегация құрамында 9 адам бар. Олар қазақтың ұлттық ойыны көкпардан бақ сынамақ.
Жалпы бұл елдің командасы бұған дейін Көшпенділер ойынына үш рет қатысқан. Екеуінде де «Көк бөрі» спортынан бақ сынаған. Бұл жолы бірінші рет көкпар тартпақ. Бұған дейін ковбойлар наурызда Қазақстанға келіп, Ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізген болатын.
Скотт Симмерман, АҚШ құрамасының капитаны:
Көкпар өте қызықты ойын. Мен спорттың бұл түріне 12 жасымнан бастап қызыға бастадым. Осы арқылы Қазақстанға деген қызығушылығым арта түсті. Біз үшін Көшпенділер ойындарында аттардың жағдайы маңызды. Мақсатымыз жарыста барынша жақсы өнер көрсетіп, үздіктердің қатарына кіру. Көрермендер мен жанкүйерлерге есте қалатындай әсер сыйлағымыз келеді. Біздің ковбойлардың қалай көкпар тартатынын көрсеткіміз келеді.
Асылбек Данияр