Джо Байденнің ұлы 15 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байденнің ұлы 15 жылға сотталуы мүмкін

06.09.2024

АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден салықтан жалтару ісінде барлық пункттер бойынша күтпеген жерден кінәсін мойындады. Осылайша ол көпшілік алдындағы сот процесінен құтылды. Бірақ кіші Байден 15 жылға дейін сотталып, миллион доллар айыппұл төлеуі мүмкін. Мұны судья Марк Скарси мәлімдеді. 

Скарси үкімнің желтоқсанның 16-да жарияланатынын хабарлады. Айта кетсек, Хантер Байденге 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар салық төлемеді деген айып тағылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу