«Жолдау – ертеңге жол нұсқау». Дәл осындай атаумен Астанада Президенттің Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға Этносаяси зерттеулер институты мен стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Олар жолдауда айтылған негізгі бағыттарды талқылап, елімізде этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді сақтау мәселесіне ерекше тоқталды. Қазақстан көп этносты ел. Олардың мамыражай тірлік кешуіне, татулық пен тұтастықты сақтау маңызды екенін атап өтті.
Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:
Қазір өз қасиеттерімізді қайтадан еске алып, соны біз үзбеу керекпіз деп ойлаймын. Қазір дүниежүзінде бірталай өзгерістер болып жатыр. Әлеуметтік желілер бар, үлкен өзгерістер. Сондықтан қоғамның өзі структурасы өзгеріп кетуі мүмкін.
Динара Жарқынбек