Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы! Франция астанасында татами иесін тізе бүктірген аруымыз парадзюдодан тұңғыш жазғы ойындардың жеңімпазы атанды. Сонымен қоса паражүзуде Нұрдәулет Жұмағали ел қоржынына күміс жүлде салды.
Расымен-ақ кеше көрерменге лық толған «Чамп де Марс Аренаның» 99 пайызы жергілікті спортшыларға қолдау көрсеткені анық. Қазақстандық татами шеберлерінің шашбауын көтерген жанкүйер де жоқ емес. Мысалы Ақмарал Науатбектің жанұясы Астанадан Парижге арнайы келді. Финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген жеңіл салмақ өкілінің өнерін әсіресе оның анасы Роза Бужігітова толқыныспен көріп отырды.
Роза Бужігітова, Ақмарал Науатбектің анасы:
Біз жанкүйер ретінде келдік. Бүкіл отбасымызбен келдік осы жерге. Бұл эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазір Ақмарал финалға шықты. Сондықтан барлық қазақстандықтарды осы жеңіспен құттықтаймын. Енді бір саты қалды. Финалға жеңіске жетсе екен деп армандап отырмыз.
Азат Қадырбек, тілші:
Ананың тілегі қабыл болды. Алтын жүлденің иесі анықталған сында Франция өкілі Сандрин Мартинемен белдескен Ақмарал алдымен нәтижелі әдіс жасап жартылай жеңісті еншіледі. Келесі шабуылын төрттағанда жалғастырып татами иесін ұстап тұру әдісімен тізе бүктірді және парадзюдодан ел тарихында тұңғыш төртжылдық басты додасынының чемпионы атанды.
Азат Қадырбек, тілші:
Кеше жүзу бәсекесінде де қоржынымызға жүлде түсті. Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали Париж ойындарының күмісін еншіледі. Брасс әдісімен жүзудің 100 метрлік қашықтығында жерлесіміз үздік үштікке еніп қана қоймай, өз класында жаңа Паралимпиада рекордын орнатты.
Нұрдәулет Жұмағали, Паралимпиада күміс жүлдегері:
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгін де татамидегі белдесулер жалғасады. Отандастарымыз сонымен қоса пара жүзуде және пара каноэде жүлдеге таласады. Ендеше Парижден жағымды жаңалық күтіңіздер!
Азат Қадырбек