Қазақстан Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағымен байланысты нығайтуды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағымен байланысты нығайтуды көздейді

05.09.2024

Мемлекет басшысы ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады. Кездесуде өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.

Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті. Абдулхамид әл-Халифа газ химиясы, көлік, су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларды қаржыландыру жоспарымен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу