МАГАТЭ басшысы елімізде АЭС салуға қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МАГАТЭ басшысы елімізде АЭС салуға қатысты пікір білдірді

05.09.2024

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік АЭС-ке қажетті инфрақұрылымға бағалау жүргізіп жатыр. Бұл туралы осы агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси айтты. Оның сөзінше, алғашқы қорытындылар да жасалған. Оған сай Қазақстанда өзінің ядролық бағдарламасын іске қосу үшін қажетті негіз бар. Сондай-ақ агенттік Қазақстанның қауіпсіздік стандарттарын қолдануын талдап, бастапқы кезінде оң көзқарасқа келген.

Рафаэль Гроcси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры:

Ядролық бағдарламаны бастаған басқа елдерге қарағанда Қазақстанның тәжірибесі әлдеқайда мол екенін айту керек. Елдеріңіз бұл салаға тарихи түрде араласты. Ал бүгінде Қазақстанда Төмен байытылған уран банкі жұмыс істейді. Оны нарықта қажет болған жағдайда немесе уран жетіспеген жағдайда пайдалануға болады. Енді АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылданып жатса, мұның пайдасы мол болары сөзсіз.

Рафаэль Гроссидің айтуынша, экономика дамыған сайын энергияға сұраныс артып жатыр. Бірақ атмосфераға зиянды көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайту үшін бізге ядролық энергия қажет. Бірақ жаһандық жылынуды болдырмау үшін 2050 жылдарға қарай жасыл энергияға қол жеткізу маңызды.

Рафаэль Гроcси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры:

Осы мақсатта Солтүстік Америкада, Еуропа мен Азияда тіпті Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі елдері де бұған келуге қарсы емес. Бұл елдер мұнай мен газдың үлкен қорларына қарамастан, атом энергетикасын дамыту жолдарын іздеп отыр. Өйткені қоршаған ортаға зияны аз «жасыл» энергияға көшуіміз керек екенін жақсы біледі.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу