Жолдауды елордаға барып тыңдап келген батысқазақстандық онколог дәрігер Президент тапсырмасы аймақтарда нәтижелі жүзеге асқанын қалайды. Әсіресе, медициналық құрал-жабдықтар ескі. Дегенмен мәселені біртіндеп шешу үшін жақында онкологиялық диспансер қатерлі ісікті ерте кезден анықтайтын эндоскопиялық аппаратпен жабдықталды. Бұл - халық денсаулығын дер кезінде түзеп, өлім-жітімді азайтуға сеп болатын таптырмас қондырғы.
Нұрлан Төлемісов, онколог дәрігер:
Қазіргі уақытта мамандар жетіспеушілігі болмас үшін үстемақы беріледі. Ауылдарда әлеуметтік пакет жасалады. Бізде онкологиялық диспансерде соңғы 5 жылда 4-5 жас маман келді. Оларға барлық жағдайды жасап жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы