Ақтөбеде білікті ғалымдар атомды бейбіт мақсатта қолдану жолдарын талқылады. Ел экономикасы жыл өткен сайын мол энергияны қажет етіп отыр. Сондықтан, энергетикалық тәуелділіктен құтылу басты назарда болуы керек.
Жиналғандар осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде баяндады. Елде атом энергетикасын дамытуға баса мән беру қажеттігін халыққа арнаған жолдауында Мемлекет басшысы да атап өткен еді. Яғни, бұл бағыттағы алға қойған міндеттерді орындауда отандық ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүгі артылады.
Қуанышбек Шүнкеев, Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
«Атом электр стансасын, менің өзім бірнеше мақалалар жарияладым, қажеттілігімен бірге ол АЭС-тың негізгі біздің энергетикалық ресурстарға сәйкес келетіндігі, бірінші.Екінші, мәселе бүгінгі күннің шаруасы емес, алдағы күннің шаруасы.Біреулер айтады, қазіргі кезде энергия тапшылығы жоқ, оның бізге қажеті жоқ деп.Ал, 15-20 жылдан кейін оның тапшылығы болатыны анық».