Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Жолдауын бірлесіп іске асыруға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Жолдауын бірлесіп іске асыруға шақырды

05.09.2024

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент жолдауындағы тапсырмаларды бірлесіп іске асыруға шақырды. Спикер міндеттердің маңыздылығына тоқталып, оның әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуда маңызы зор деді. Жалпы Жолдаудағы мақсаттарды іске асыру үшін тиісті заңнамалық актілер әзірленіп, қабылданады. Палата олардың уақытылы қаралуын және мақұлдануын қамтамасыз етеді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

Бұл жұмыстарды біз Мәжіліс пен Үкіметтегі әріптестерімізбен және сарапшылармен бірлесіп жүргіземіз. Азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға және Қазақстанның орнықты дамуына арналған Президентіміздің барлық бастамасын сессия барысында бірлесіп іске асыруға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу