Сауда және интеграция министрі Air Astana қызметкеріне қатысты пікірін білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда және интеграция министрі Air Astana қызметкеріне қатысты пікірін білдірді

05.09.2024

Арман Шаққалиев «Эйр Астана» қызметкері мен халық әртісі Бибігүл Төлегенова арасында болған келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әуе компания қызметкері әншіге құрметпен қарап, жағдайына түсіністік танытуы керек еді. Сонымен бірге заң шеңберінде нормативтік актілерді сақтау маңызды, бірақ этикалық нормаларды ескеру қажет және бұл норма тек халық әртсіне ғана емес барлық адамға қатысты екенін де, айтты. Еске салайық, арбаға таңылған халық әртісін әуе компания қызметкері бортқа кіргізбей қойған еді. 

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу