Бүгін ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, тіл туының тұғыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет – ¬қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Оның мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ілімдері әлі зерттелетін үл¬кен ғылым. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы. Қаламгердің алғашқы кітабы «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Кейін азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып шықты.
Аида Ахметбек