АҚШ-та мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді

05.09.2024

АҚШ-тың Джорджия штатында қанды қырғын. «Аппалачи орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы 2 мұғалімді және 2 оқушыны атып өлтірді. Қаза тапқан оқушылардың жасы 14-те. Қаскөйдің қолынан тағы да тоғыз адам жараланып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Күдікті 14 жастағы Колт Грей есімді оқушы қамауға алынды. Джорджия Тергеу Бюросының мәліметі бойынша оның бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Джад Смит, Бартоу округінің шерифі:

Күдіктіге кісі өлтіру бойынша айып тағылып отыр. Ол ересек адам ретінде сотталады және ересек адам ретінде жауапкершілікке тартылады. Ол біздің мектептегі қауіпсіздік қызметкерімен бетпе-бет келіп, дереу өз еркімен берілді. Оның қаруды мектеп ішіне қалайша алып кіргені әлі де белгісіз.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу