Алматыда бас қосқан бір топ жазушы Президент жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін құжат екенін атап өтті. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор болмақ.
Қансейіт Әбдезұлы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы:
Біздің ұлттық қауіпсіздігіміз туралы, әлемде болып жатқан текетірес, геосаяси жағдайдың өте қиындығы, тоғыз жолдың торабында тұрғандығымыз мемлекетіміздің. Соған төнетін қауіптің көп болатындығы туралы да бұл жолы келелі терең әңгіме айтылды. Тоқетерін айтқан кезде биыл салмақты, салиқалы әңгіме болды. Жүзеге асырылатын, орындалатын, оған мүмкіндігіміз бар жобалар ғана әңгіме болды және соны орындауға Президентіміз шақырып отыр.
Қуан Нұрақын