Ал Азияның көптеген елі атомдық энергияны таза отынның ғана емес, ауаға тарайтын көмірқышқыл газын азайтудың өміршең әрі тұрақты жолы деп таңдаған. «Ядролық бизнес-плафторма» ұйымы осылай деді. Олардың дерегінше, АЭС «Сары құрлықта» электр қуатына сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, климаттың өзгеру проблемасын шешуге көмектесіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Азияда қазір 145 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Тағы 45 салынып жатса, 60 шақтысының жоспары жасалып қойған. Вьетнам, Малайзия, Бангладеш сияқты елдерде зерттеу реакторлары бар. Ал іске қосылған және салынып жатқан ядролық отын реакторларының саны жағынан Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қытай тәрізді мемлекеттер алда тұр.
Софи Буто де ля Комб, атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қоғамдық ақпарат басқармасы директоры:
Қытайда 56 ядролық реактор пайдаланылып жатыр. Тағы 27-сі салына бастады. Сонымен қатар, өткен аптада Қытай үкіметі 11 жаңа блоктың құрылысын бастайтынын жариялады. Мұның бәрі – келешекте тонналаған көмірқышқыл газының тарауына және ауаның ластануына жол бермейтін факторлар.
Арыстан Рысбек