«Таза Қазақстан» республикалық эконауқан аясында Алматы облысында 8 мың гектар аймақ тазартылып, 21 мың тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ Қарасай ауданында тұратын II дүниежүзілік соғыс пен тыл ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйі мен ауласы тазартылды. Тазалық шарасына еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар аула аумағын абаттандырып, қураған ағаш бұтақтарын қырқып, үйдің сыртын ретке келтірді.
Зейнепхан Қамысбаева, зейнеткер:
Үйдің төңірегін тазалап, көк шөптерімді жұлып, ағаштарымды бұтап, реттеп беріп жатыр. Осы қоғамға көп рахмет айтамыз. Жастар қоғамы жасай берсін. Ауылда барлық жағдайлар жасалған, бәрі жақсы, жастардың бәрі өсіп-өніп жатыр. Ауылымыз таза, көркейіп келе жатыр.
Айдана Қуантхан