Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» шахтасында 4 адам қайтыс болды.
Алдын ала ақпарат бойынша жұмысшылар белгісіз заттан уланған. Ал тағы бір кенші Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, деп бағалауда. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Шахта аумағында төтенше жағдай департаментінің 13 маманы мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.