Ресейдің еңбек нарығында 5 миллион адам жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің еңбек нарығында 5 миллион адам жетіспейді

30.08.2024

Ресейдің еңбек нарығында 5 миллион адам жетіспейді. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, такси қызметі, қоғамдық тамақтану саласында кадр дефициті байқалады. Орталық банк кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші ел тарихындағы ең төменгі деңгейге жеткенін хабарлады. «Елдегі қымбатшылық, инфляция, шетелдік жұмысшыларға талаптың күшейтілуі жағдайды қиындатты», - дейді мамандар.

Александр Росляков, Асыл тұқымды мал зауытының басшысы:

Ауыл шаруашылығы саласында да жұмысшы тапшы. Жұмысшылардың орташа жасы 45-46. Шаруашылығымызға келген жастар баспанаға мұқтаж болса, біз оны баспанамен қамтамасыз етіп, жақсы жалақы мен түрлі әлеуметтік жәрдемақы төлейміз. Бірақ жұмысшы табу қиындау.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу