Көшпенділер ойыны: Жетісулық спортшылар елордаға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойыны: Жетісулық спортшылар елордаға аттанды

29.08.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жетісулық спортшылар Астанаға жол тартты. Балуандар мен шабандоздарды Талдықорғанда жерлестері сән салтанатымен шығарып салды. Қазақ күресі мен түрік күресінде белдесетін құрыш білекті спортшылармен бірге аламан бәйгеге шабатын жас шабандоздар да дүбірлі додада ел намысын қорғайды. Оларға жанкүйер болып бір топ делегация да жолға шықты. Батагөй ақсақалдар, өңір зиялылары, атақты спортшылар мен қолөнер шеберлері және Жетісудың жезтаңдай әншілері де халықаралық додаға қолдау көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салады. Жетісулық қолдаушы қауым өңірдің символы ретінде орта Азиядағы ең биік сарқырама Бұрханбұлақтың суын әкеле жатыр.

Руслан Әбдіразақов, қазақ күресінен Әлем чемпионы:

Өзіміздің өңірден, Жетісу өңірінен қазақ күресінен Әлем чемпионы бауырларымыз бар. Солар барады. Және де ат бәйгеден жарыс болады. Татар күресі бар, түрік күресі бар, қырғыз күресі бар. Соның әрқайсынан қазақ елінің намысын қорғайтын мықты-мықты палуандар барады. Барша бауырларымызға сәттілік.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу