Ақтөбеде ескерткіштердің айналасы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ескерткіштердің айналасы тазартылды

29.08.2024

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында интернационалист жауынгерлерге және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған белгілердің айналасы тазартылды.

Бұл ескерткіштердің бірінде жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарынан кейінгі тазалық шарасына қоғам белсенділері мен еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар ескерткіштердің айналасын күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, тас мүсіндерді шаң-тозаннан арылтты. «Ескерткіш – ел тарихы» атты бұл акция облыс бойынша өтіп жатыр. Жалпы өңірден республикалық маңыздағы 9, жергілікті маңызы бар 863 ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу