Сот шешімімен Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Сатыбалды заңсыз адамды бас бостандығынан айыру, бопсалау, өзінше билік ету баптарымен кінәлі деп танылды. Бұған қоса сот оның мүлкін тәркілеуді үкім етті. Айта кетейік, бұл Сатыбалдыға қатысты үшінші сот үкімі.
Қуан Нұрақын