V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды

29.08.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды. Түркі әлемі үшін Олимпиадаға пара-пар жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Олар спорттың асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, мас-рестлинг, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, жамбы ату және овари сынды 21 түрінен мықтыны анықтайды. Дүбірлі дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.

Қазір спортшыларымыздың дайындығы қызған. Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар. Осыған орай 20-дан астам қонақүй дайындалып, Астана көшелерін абаттандыру, безендіру қарқынды жүргізіліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу