Француз соты «Телеграмның» негізін қалаушы Павел Дуровты ұйымдасқан қылмысқа байланысты ресми түрде тергеуге кірісті. Дегенмен 39 жастағы миллиардер 5 миллион доллар кепіл ақша төлеп, босатылды. Бірақ аптасына екі рет полицияға көрініп, ел аумағынан кетпеуі шарт. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Дуровтың кінәлі екенін немесе сотталатынын білдірмейді. Тек оны тергеуге жеткілікті негіз бар екенін ғана аңғартады. Айта кетсек, Дуров өткен сенбі күні Париж әуежайында тұтқындалды. Ол «Телеграм» платформасында есірткі саудалау, алаяқтық сияқты түрлі қылмыстар үшін ұсталып отыр.
Арыстан Рысбек