Жаңа мемлекеттік қызмет түрі пайда болды. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйіне шақыра алады. Яғни азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Қызметкерді шақырсаңыз, ол сіз белгілеген уақытта көрсетілген мекен-жайға келеді. Жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі және паспорт алу мен тарнспортты тіркеуден басқа барлық қызмет түрін көрсете алады. Мамандар бұл қадамға тұрғындардың уақытын үнемдеу үшін барғанын айтады. Сондай-ақ қазір орталықта құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметі жолға қойылған.
Нұрсұлтан Тілектес