Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады. Әлихан Смайылов Президентке палатаның жұмысы туралы баяндады. Теміржол, көлік салаларына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.
Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы:
Мемлекет басшысына мен мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру, осы айдағы жұмыстардың тиімділігін көтеру бойынша ары қарай реформалау бойынша ұсыныстарды айттым. Жалпы Мемлекет басшысы біздің ұсыныстарымызды қолдады.
Досжан Маратұлы