Астанада «Баланы мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Баланы мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы өтті

28.08.2024

Астанада «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтті. Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 60 отбасының 1 және 5 сынып аралығындағы балаларына оқу құралдары мен сөмкелер берілді. Тамыз айында басталған акцияға бір ай ішінде 1250 өтініш келіп түскен, қазірге дейін 750 отбасы қайырымдылық шарасының игілігін көрді. Акция бірінші қыркүйекке дейін жалғасады.

Мұхаммед Болысбек, «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

Бұл акцияны біз тамыз айының басынан бастадық. Осы бір айда бізге меценаттар көмектесіп отыр. Әрбір бастауыш партия ұйымдары, оның ішінде жеке кәсіп иелері, сосын Астана қалалық маслихат депутаттары, «Аманат» партиясының белсенділері өз тараптарынан осы акцияға келіп 20 балаға берейін, 50 балаға берейін, 100 балаға берейін деген кәсіп иелері бар. Міне сол кісілер келіп акцияға белсенділіктерін танытып, бізбен бірге осылай балаларға өз қолдауларын білдіріп жатыр.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу