Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған велошабандоз Данияр Шаяхметов елге оралды. Ол Қытайдың Лоян қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеде бақ сынады. Жаһандық додаға 47 елдің 300-ге жуық спортшысы қатысты. Ұлттық құрама өкілі велотректің спринт бағытында сынға түсіп, мәре сызығына 2-ші болып келді. Елдің мақтанышына айналған жас велошабандозды спорт жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды.
Данияр Шаяхметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
Бұл чемпионатқа 4 маусым бойы дайындалдым. Алайда, бұл мен үшін күтпеген жеңіс. Себебі әлемдік бәсекеде бағың мен бабың қатар шабады. Велоспортпен 11 жасымнан айналысып келемін, алға қойған жоспарларым көп.
Аида Ахметбек