Өзбекстанда өтетін парламент пен жергілікті кеңестердің сайлауында биыл алғаш рет «Е-сайлау» ақпараттық жүйесі қолданылады. Бұл жаңашылдық, мәліметтердің электрондық базасын қалыптастыруға жол ашады. Парламент сайлауы 27-ші қазанға белгіленген. Бүгінде Өзбекстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау учаскелері құрылды. Оның ішінде Қазақстан да бар. Саяси додаға бес партия қатысады. Бұған дейін Өзбекстанда сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өтіп келсе, енді аралас жүйеге көшпек. Олий Мәжілістегі 75 депутат бір мандатты округтерден сайланады. Ал қалған 75-і пропорционалдық жүйемен саяси партияларға берілген дауыстар негізінде таңдалады. Алдағы сайлауда Олий Мәжілістен бөлек, сенаттың 56, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты мен облыс, қала және аудандық кеңес депутаттары сайланады.
Базаркүл Отыншиева