Атырауда ҚХА ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ҚХА ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

27.08.2024

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Яғни «Ассамблея жастары» 20 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке таратты. Жыл сайын өткізілетін акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді түрде қатысады. Жыл басынан бері Ассамблея мүшелері 100-ден астам оқушыны арнайы оқу құралдарымен, киімдермен қамтыған. Алдағы уақытта тағы 100 балаға қайырымдылық көмек көрсетуді жоспарлауда.

Нұрхан Бағытжанов, АО ҚХА «ассамблея жастары» РҚБ төрағасы:

Болашақта еліміздің тірегі болатындай білімді жастар қалыптастыруымыз керек. Барынша қолдан келгенше осы жастардың көмегімен, кәсіпкерлер бар мектеп оқушыларына іні-қарындастарымызға қамқор болып жатырмыз.

Надежда Есова, этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы:

Петропавлда «Мектепке жол» акциясы аясында 40-тан астам балаға сөмке мен сабаққа қажетті құралдар табысталды. Қайырымдылық шарасын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен «Қоғамдық келісім» ұйымының өкілдері ұйымдастырды. Сонымен қатар кәсіпкерлер де демеушілік көрсетіп отыр. Кеңсе заттарымен қатар балаларға басқа да сыйлықтар табысталды.

Гүлбахша Нұрмұқанова, Сқо Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі:

Көпбалалы аналар, жетім балалар және әлеуметтік жағынан табыстары төмен отбасылардың балаларына көмек жасап жатырмыз. Кеңсе тауарлары алынды. Сонда 15 мыңның маңайында бір сумкаға кіретін, сумкамен бірге нәрселер солай тапсырылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу