Петропавлда көпқабатты үйлердің жертөлесін кәріз суы басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда көпқабатты үйлердің жертөлесін кәріз суы басты

27.08.2024

Петропавлда кәріз кұбыры бітеліп, бірнеше көпқабатты үйдің жертөлесін лас су басып қалды. Апат Абай және Назарбаев көшелерінің қиылысында тіркелді. Бітелген құбырдың диаметрі 700 мм. Тұрғындардың айтуынша, жаз басынан бері бұл жағдай үшінші рет қайталанып отыр.

Бақыт Есімғалиева, қала тұрғыны:

Мана суға барайын деп шықтым, аузымды жауып шығып, аузымды жауып кірдім. Енді үйге келгеннен кейін прямо дем ала алмадым. Осындай 25-ші июльде болды. 4 күн жарық та болған жоқ, су да болған жоқ. Барлық холодильниктегі тамақтар бүлінді. Жинаған жеміс-жидегіміз, етіміз бәрі. Қайда апарарымызды білмедік.

«Қызылжар су» мекемесінің өкілдері ақау толығымен жойылғанын мәлімдеді. Апат орнында 5 бригада жұмыс істеп жатыр. Олар үйлердің жертөлесін де тазалайды. Облыс орталығындағы кәріз құбырларының 70 пайызы тозған. Биыл оны жаңалауға 700 млн теңге бөлініпті.

Андрей Фомиченко, «Қызылжар су» мекемесінің бас инженері:

Тұрғындар кәріз жүйесіне қатты қалдықтарды тастайды. Соның салдарынан құбыр бітеліп қалады. Биыл жаз жауын-шашынды, су коллекторға құйылып, деңгейі көтерілген. Бұл жағдай жұмысты қиындатады. Дегенмен бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр. Су мен жарық сөндірілген жоқ.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу