Канада қытайлық электромобильдер импортына 100 пайыз тариф жариялады. Бұл шешім қазанның 1-де күшіне енеді. Мұны осы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. Оның сөзінше, Қытайдың автоөнеркәсібі мемлекеттің қолдауы арқасында жаһандық нарықта әділетсіз үстемдікке ие болып, канадалық көлік жасаушылардың болашағына қауіп төндіріп тұр.
Қытай болса, Оттаваның бұл шешімін «протекционизмге» теңеп, Канаданы Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін бұзды деп айыптады.
Арыстан Рысбек