Рудный қаласында 7 жастағы бала шұңқырға құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында 7 жастағы бала шұңқырға құлап мерт болды

27.08.2024

Рудный қаласында 7 жастағы бала топырақ астында қалып мерт болды. Ол құбыр тартылып жатқан шұңқырға құлаған. Куәгерлердің айтуынша, бала топырақ астында 30-40 минут жатқан. Оның денесін құтқарушылар шығарып алды. Қайғылы жағдай болған кезде құрылыс нысанында жұмысшылар болмаған. Баланың ол жерге қалай барғаны әзірге белгісіз. Рудный қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, бірқатар сараптама тағайындады. Істі Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы жеке қадағалауына алғанын хабарлады.

Ерлан Сералин, Қостанай облысы полция Департаменті бастығының орынбасары: 

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Енді тиісті шешім соның нәтижесі бойынша қабылданады.


Хабарламаларға жазылу