Ақмола облысынан XIV-XVI ғасырға тиесілі құнды жәдігер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысынан XIV-XVI ғасырға тиесілі құнды жәдігер табылды

27.08.2024

Ақмола облысы Зеренді ауданының аумағынан XIV-XVI ғасырға тиесілі құнды жәдігер табылды. Археологтар ортағасырлық «Алтынтау» қорымынан әйел адамның сүйегі мен мойынға тағатын аспалы қола айна тапты. Қазба жұмыстары осыдан бір апта бұрын Шағалалы өзеніне жақын жерде басталған. Қорғаннан табылған заттар зерттеліп болған соң, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылады. «Бұл жәдігерлер Көкше өңірінің тарихы осыдан 200 жыл бұрын ғана емес, одан да ерте басталғанына дәлел бола алады», - дейді сала мамандары. Жалпы қазіргі таңда өңірде мыңнан астам ортағасырлық қорым бар.

Жасұлан Үкеев, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры: 

Археологиялық қазба жұмыстары міне, бір аптадай болды. Оның ішінде екі қорған ашылып, зерттелді. Біреуі қайтадан қалпына келтірілді. Екіншісін зерттеп жатырмыз. Екінші қорғаннан ортағасырлық, қола жерлеу ғұрпы анықталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу