Семейде «Мектепке жол» акциясы аясында 350 оқушыға оқу құралдары берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Мектепке жол» акциясы аясында 350 оқушыға оқу құралдары берілді

27.08.2024

Семейде «Мектепке жол» акциясы аясында мыңға жуық бала оқу құралдары және мектеп формасымен қамтылады. Абай облыстық Достық үйінің ұйымдастыруымен 350 оқушыға сөмкелер мен оқуға қажетті жабдықтар берілді. Акцияның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды. Бұл шара Абай облысының барлық қалалары мен аудандарында қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Жаңанұр Жайырбаева, Қазақстан халқы ассамблеясы, «Аналар кеңесінің» мүшесі

Аз да болса, кішкене болса да бір дәптер болса бергеніміз көмек деп ойлаймыз. Балаларымыз сабақтарын жақсы оқысын. Егемен Қазақстанымыздың арқасында болашақта білімді азамат болып өссін демекпін.

Хабарламаларға жазылу