Елімізде доллар күрт қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде доллар күрт қымбаттады

26.08.2024

Доллар күрт қымбаттады. Демалыс күндері ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 486 теңгеге дейін көтерілді. Қазір қор биржасында бір көк қағаздың құны – 483 теңге 31 тиын, еуро 540, рубль 5 теңге 26 тиын. Қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа рубльдің құбылуы мен мұнай бағасының арзандауы себеп. Сарапшылар бюджет қаражатын толтыру үшін Ұлттық қордағы валютаны айырбастау да доллар бағамына әсер етіп отыр дейді.

Бауыржан Ысқақов, сарапшы:

Алдағы уақытта доллар қымбаттап, теңге түсіп кетеді деген негіз жоқ.  Өйткені біздің доллардың бағасы қымбаттаған сайын, сырттан түсетін табыстарымыздың да доллар арқылы түскендіктен оның макроэкономикалық тиімді жағы бар. 


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу