Астанада мектеп оқушылары мен жәрдемақы алушылар автобуста жүру ақысын жаңа әдіспен төлей алады. Ол үшін бүгіннен бастап виртуалды тарифтер іске қосылды. Азаматтар жүйені үйден шықпай смартфондарынан онлайн, тегін рәсімдей алады.
Ол үшін «Avtobys» қосымшасын телефонға жүктеп, жеке нөмеріңіз арқылы тіркеле аласыз. Немесе Тranscard.kz сайтында «Виртуалды тариф» бөлімінде өтініш беріп, 3х4 – түрлі-түсті фото, туу туралы куәлік және оқу орнынан анықтама немесе жеңілдікті растайтын құжат керек.
Ақмаржан Ғафизқызы