Елімізде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер азайып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл бұл салада жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің 3,4 пайызы жұмысын тоқтатқан. Одан бөлек, өңдеу өнеркәсібіндегі бизнестің 3,2 пайызы жабылып қалған. Көбі - Түркістан облысында. Ал жылжымайтын мүлік, транспорт және қойма саласында еңбек ететін бизнес иелері керісінше 15 пайызға дейін көбейді. Жалпы қазір еліміз бойынша жеке кәсіппен айналысатын 1,6 млн адам бар.
Айя Мүтәлі