Соңғы 7 айда жол-көлік апатынан 165 бала көз жұмған. Мамандардың айтуынша, балалар өлімінің төрттен бірі жол апаты кезінде алған жарақаттан болады. Ал қайғылы жағдайға жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу басты себептердің бірі. Оның ішінде қозғалыс жылдамдығы, алкогольді ішімдік ішу де бар. Сондықтан мамандар жолда қауіпсіздік ережелерің қатаң сақтауды ескертеді. Осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда 2025-2027 жылдарға арналған жұмыс тобы құрылды. Олар балалардың жарақаттануының алдын алу жөніндегі жол картасын әзірлеу үшін жұмыс істейді.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы:
Осы 7 айдың ішінде 165 бала қайтыс болған. 26 тамыздан бастап 6 қыркүйекке дейін Жедел проофилактикалық шарасын өткіземіз. Ұл шараның барысында жол және коммуникация қызметімен бірлесіп, жолға жақын мектептердің айналасында инфрақұрылымды тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Самал Қабышева