Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

26.08.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.


Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу