Қызылордада Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық ұйымының бастамасымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Түрлі этнос өкілдері жылдағы дәстүрмен оқушыларға базарлық жасап, оқу құралдарын үлестірді.
Достық үйіндегі игі іске ассамблея мүшелері, этно-мәдени бірлестік төрағалары және еріктілер қолдау көрсетті. Жаңа оқу маусымы алдында 30-ға жуық балаға ең қажетті деген оқу құралы мен сөмке табысталды. Осылайша ұйым өкілдері кішкентайларға базарлық жасап қуантып, игі лебіздерін білдірді.
Бақытжан Камалов, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:
Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауыменен барлық өңірлерде ұйымдастырылып келеді. Осы балалардың әрдайым жүзі жарқын, жоғары білімді азамат болсын дейміз. Еліміздің болашағы – осы жастарымыз.
Әділбек Серікұлы