АҚШ президенттігіне демократиялық партия атынан кандидат Камала Харристің командасы науқанға 540 млн доллар жинаған. Бұл сома бір ай ішінде түскен. Қаржы әсіресе вице-президенттің Чикагода өткен партия құрылтайында сөйлеген сөзінен кейін көптеп жиналды. Харристі қолдағандардың көбі – әйелдер мен жас сайлаушылар. Демократтардың донорлары арасында бұрынғысынша мұғалімдер мен дәрігерлер басым. Ал республикалық партия атынан үміткер Дональд Трамп командасы 327 млн доллар жинады.
Арай Төлегенқызы