Биыл қыста Кентау қаласында жылудан проблема болмайды. Қала басшылығы осылай деп сендіріп отыр. Қазір жылу энерго орталығында 8 қазандық жөнделіп жатыр. Оның екеуі кеңес заманында істеп шығып, жарамсыз болып қалған. Бұл жұмыстарға 13,6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде қазандықтардың қабырғаларынан бастап, ауа қыздырғыш, су айдайтын құбырлары, түтін соратын насостар толығымен ауыстырылып жатыр. Орталық қыста 14 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз етпек. Былтыр қыста ЖЭО ақау шығып, қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалған болатын.
Мұхтар Мақұлбекұлы, жылу энерго орталығының бас инженері:
Төрт жаңа қазандық жылу маусымына дайын болады. Екі қазандық резервте тұрады. Сол себепті биыл енді жылу маусымына жақсы дайындықпен кіретін мүмкіндігіміз бар. Соған дайындық жүріп жатыр. Былтырғыдай резерв жоқ болып, жылу бере алмайтын қауіп сейіліп отыр.
Айнұр Әбілқасымқызы