Астанада тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» республикалық турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» республикалық турнирі өтті

23.08.2024

Астанада тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтті. Сайысты Парламент Сенаты мен Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды. Турнир көшпелілердің көнеден келе жатқан зияткерлік ойынын дәріптеу мақсатында. Сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында іске асырылып отыр. Сайысқа еліміздің 20 аймағынан келген мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Тартысты өткен сайыста Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушылар жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қызылорда қаласының командасы иеленді. Ал, үшінші орынды Павлодар қаласынан келген команда қанжығалады.

Әкім Тұрсын, Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті:

Сонымен биыл «Абай жүлдесі» деп атап бірінші рет бастадық. Мәслихат депутаттары және жергілікті БАҚ, қоғам белсенділері солардың қатысуымен команда жасақталып келді.


Хабарламаларға жазылу