Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласына үлкен қауіп төндірген су қоймасын реконструкциялау басталды. Нысанның су өткізгіш құрылғылары мен бөгеті жөнделеді. Қойма 245 миллион текше метр су жинай алады. Көктемде мұнда мол су келіп, облыс орталығының көп бөлігін шайып кете жаздады. Дегенмен, білікті мамандардың жанкешті еңбегінің арқасында қауіп сейілді. Енді нысанның күзет дабылы, бейнебақылау және электрмен жабдықтау жүйелері түгел қалпына келтіріледі.
Жақсыбек Кемал